Қала мен Сала

Есілдің балығы көбейді

Елорда ортасынан өтетін Есіл өзені аумағына 200 мың балық жіберілді.

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруа­шылығының инкубациялық цехтарынан өзенге 100 мың ақ амур және 96 мыңнан астам тұқы балықтарын шығарды. Бұл іс-шара балық түрлерін көбейту және балық аулау процесін жақсарту мақсатында жүргізілді.

Балық аулау процесі Астана қаласы әкімдігі мен мәслихаты, Есіл облысаралық балық шаруа­шылығы бассейндік инспекциясы, су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы, Астана қаласы бойынша Экология департаменті және «Қазақрыбхоз» балықшылар қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы өкілдерінің комиссиялық құрамының бақылауымен жүзеге асырылады.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button