Жолдау

«Жанұя» орталығында пікір алмасты

Астана қаласы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «Жолдау түйіні – Жаңа Қазақстан» тақырыбында пікір алмасу жиыны өтті.

Іс-шараға қоғам белсенділері мен көпбалалы аналар жиналды. Қалалық Жұмыспен қамту және әлеу­меттік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб жиынға қатысушыларға мемлекеттік қызметкер ретінде өз пікірін білдірді.

– Президентіміздің қыркүйектегі Жолдауында көп жаңашылдықтар айтылды. Еліміздегі әрбір мемлекеттік қызметкер үшін Жолдауда айтылған мәселелер және оларды шешу үлкен жауапкершілік деп білемін. Бірақ барлығын мемлекет жасайды деп отыруға да болмайды. Жаңа Қазақстанды құру үшін барлығымыз бірге іс-әрекет етуіміз қажет, – деді басқарма басшысы.

Парламент Мәжілісінің депутаты Әлия Әбсеметова Жолдауда айтылған бірқатар мәселені мысал келтіре отырып талқылады.

– Жылда Мемлекет басшысының Жолдауында әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлінеді. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі – Ұлттық қордан әр бала үшін 18 жасқа дейін ақша жиналады. Мұны естігенде өз басым көпбалалы ана ретінде қуандым. Бұл – болашақ ұрпақ үшін қажет қаражат. Сондай-ақ әйелдер үшін зейнетақы жасы 61 жасқа дейін төмендеді. Бұл 2028 жылға дейін өзгермейді. Іссапармен ауыл-аймаққа барсақ, әйелдер қауымы зейнеттік жастың 58 жас болуын қалайды. Біз бұл өзгеріске жетеміз деп ойлаймын, – деді Әлия Әбсеметова.

Жиынға қатысқан қаржыгер әрі сарапшы Сапарбай Жобаев, Президент жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері Мұхит Асанбаев және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахымқызы да Жолдауға қатысты өз пікірлерін білдірді.

Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button