Қала мен Сала

Жастар – таза ел сақшысы

5 маусым – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған эко-акцияға 500-ге жуық елордалықтар қатысты.

Бұл шара қала аумағынан тысқары, «Астана – Павлодар» автомобиль жолы трассасы бағытында орналасқан полигонда өтті. Іс-шараны Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану және Жастар саясаты жөніндегі басқармалардың қолдауымен «Студенттер мен жастардың құрылыс отрядтары республикалық қозғалысы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Оларға полигон қызметкерлері мен жастар отрядтарының жетекшілері бағыт-бағдар беріп отырды. Бірыңғай арнайы бас киім, жейде киген жасылелдіктер «Эко полигон» мекемесі дайындаған қапшықтарды қолдарына алып, айналадағы шашылған қоқыс­тарды жинастыра бастады.

– Көп адам қоршаған ортаның тазалығына мән бермейді. Иә, олар қоршаған ортаның тазалығын сақтау керек екенін түсінеді, біледі. Бірақ уақыттарын бөлгісі келмейді. Ең аяғы тұрмыстық қалдықтарды үйінен шығарғанда екіге бөліп, контейнерге салуға да ерінеді. Содан келіп «зауыт жұмыс істемейді, полигон жұмыс істемейді» деп айтады. Бірақ бұл дұрыс емес қой. Әрбір адам үлес қоспай, біздің қадамымыз алға баспайды. Мысалы, полигондағы 60 адам, зауыттағы 100 адам не бітіреді? Соның өзінде тырысып, істеп жатыр. Міне, сондықтан ұйымдастырылып отырған акцияның маңызы зор, – деді акция туралы «Эко полигон» мекемесінің экологі Қаламқас Кулимбаева.

 Аяулым ДАУЫЛБАЙ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің 1-курс студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button