Елорда тынысы

Жаңа аулалар ашылды

Рәміздер күніне орай Байқоңыр ауданындағы ­Ш.Иманбаева көшесі, 8, Бөгенбай даңғылы, 56, А.Бараев көшесі, 13, С.Сейфуллин көшесі 65/1, А.Сембинов көшесі, 24 мекенжайлары бойынша абаттандырылған жаңа аулалар тұрғындар игілігіне берілді.

Тұрғын үйлердің қасбеттерін ел байрағымен безендіріп, жаңадан ашылған  аулалардың ашылу салтанатына тұрғындар көп жиналды. Арнайы шақырылған әскери оркестрдің сүйемелдеуімен патриоттық әндер шырқалды. Мерекелік шараға келген аудан тұрғындары өз пікірлерін білдіріп, қоғамдық кеңістіктің маңыздылығын айтты. «Бұл аула тұрғындары мен балалардың сейіл құратын сүйікті орнына айналады. Тұрғындар атынан алғыс айтамын, – дейді 76 жастағы қала тұрғыны Сәуле Бәкеева қуанып.

Мерекелік көңіл күй сыйлағандардың қатарында түрлі ертегілердің кейіпкерлері аниматорлар да болды. Олар тұрғындар мен аула балақайларын ойынға тартып, атаулы күннің есте қалуына күш салды.

 Еркеназ ЗЕЙКЕН,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button