Мәдениет

Желідегі танымал әуендер

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония «TikTok concert» атты жаңа бағдарламасының премьерасын ұсынды. Кешке Үрлемелі оркестр, «Alem» заманауи би балеті және Dostar вокалдық-би ансамблі қатысты.

Tiktok – бүкіл әлемдегі миллиардтаған адамды біріктіріп, ән салу арқылы танымал болуға жол ашты, ескі хиттерге жаңа серпін берді. Филармония солистері TikTok-тың трендтік хиттеріне сүйеніп, танымал әуендерді сахналық қойылымға айналдырып, заманауи поп-мәдениетті басқаша ұсынуға шешім қабылдады.

Үрлемелі оркестрдің көркемдік жетекшісі Никита Почиталиннің айтуынша, ұжым ең жас көрермендердің талғамына сай осы батыл шығармашылық экспериментке барған. Үздік хиттерді мұқият зерттей отырып, филармонияның өңдеушілер тобы үрлемелі оркестрге арналған түпнұсқа өңдеулерін жасады.

Үрлемелі оркестр өңдеуінде динамикасы мүлде басқа әуендер орындалды. Көрермендер соңғы жылдары британдық Longest Johns музыкалық фоль-тобы мен шотландиялық музыкант Натан Эванстың нұсқасында TikTok желісінде хитке айналған «Wellerman» әнін тыңдады. Lady Gaga, Dido, Eminem, Megan Trainor, Бобби Макферрин, Doja Cat, G-Nation band, Мирас Жүгінісов сияқты әртістердің шығармаларын, заманауи қазақ әндерінен попурри, аниме музыкасы, Japan song және әлеуметтік желідегі заманауи өңделген әуендер ұсынылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button