Қоғам

Жеткіншектер жаңалық ашты

Елордалық оқушылар ғылыми-зерттеу жұмысы жөнінен өңірдегі білім алушы жеткіншектерге үлгі болып келеді. Сондай жобаның бірін – «Өздігінен қуат жинайтын үй және көлік» жобасын Астана қаласындағы І.Есенберлин атындағы №67 гимназияның «Меркурий» командасы халықаралық First жарысында ұсынды.

«Меркурий» командасының мүшелері – 6-7-сынып оқушылары Інжу Ілиясова, Балнұр Сүлейменова, Нияз­бек Жұмабек, Нұрымжан Рахманов және Мұқағали Тұрсынбаев бірлесе отырып, жел энергиясы арқылы электр­көлігінің жүріп өту жолын қалай үлкейтуге болатынын зерттеді және осы процесті – үйді ток күшімен қамтамасыз ететіндей макеттің сызбасын дайындады. Жобаны жасау­ға мектептің ағылшын тілі және робототехника пәні мұғалімі Елжас Айтжан бағыттап ­отыр­ды.

Оқушылар жобасын физик мамандарға көрсетіп, нәтижесінде физика ғылымдарының магистрі балаларға жақсы рецензия жазып берді.

«Меркурий» командасының оқушылары халықаралық, республикалық жарыс­тардың тұрақты жеңімпазы атанып жүр. Алдағы уақытта өз жұмысын тереңірек зерттеп, әртүрлі компанияға өз идея­сын ұсынуды жоспарлап отыр.

Ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс істейтін білімді, жоғары дайын­дығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады.

Гауһар АМАНГЕЛДІ,

Л.Гумилев атындағы ­Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button