Қала мен Сала

Жылыту маусымы басталды

Қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар, атап айтсақ, елордадағы мектептер мен ауруханалар толық жылынды.

Алматы ауданы бойынша бүгінгі күні 415 көппәтерлі үйде жылу қосылды. Бұл аудан аумағындағы үйлердің жалпы санының 50%-дан астамын құрайды.

Бүгінгі таңда аталмыш аудандағы әлеуметтік мекемелердің 95 пайызы жылуға қосылған. Бұлардың арасында балабақшалар, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелері бар.

Аудан бойынша тұрғын үйлерді жылыту 29 қыркүйек күні іске қосылды. Жылумен жабдықтау мәселелері бойынша аудан әкімдігінің тіршілікті қамтамасыз ету бөліміне +7(7172) 55-18-38 телефоны арқылы хабарласа аласыздар.

Жылыту маусымының басталуына байланысты және тұрғын үй қорын жаңа қысқы кезеңге уақтылы және сапалы дайындау мақсатында әкім аппараты қызмет көрсететін ұйымдардан қажетті шараларды дер кезінде қабылдауды, ал тұрғындардан қажет болған жағдайда ортақ мүлікті жөндеуге немқұрайлы қарамауды сұрайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button