Руханият

Жыраулық дәстүрдің жалғасы

Ұлттық академиялық кітапханада белгілі ­жыршы-термеші, ұстаз, өнертану ғылымдары­ның кандидаты, өнертану профессоры, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері ­Елмұра Жаңабергеннің «Арал-Қазалы өңіріндегі ­жыраулық дәстүр» ғылыми монографиясының таныстырылымы өтті. Рухани шара Қазақ ұлттық өнер университетінде ұйымдастырылған «Ұстаз тағылымы» концертіне ұласты.

«Бұл еңбектің әлі де зерттеліп, ізденісі жалғасуда. Алдағы уақытта жалғасы бар. Арал мен Қазалы өңіріндегі жыраулық дәстүр – ертеден келе жатқан тың дүние. Зерттеп жазғандар да көп емес. Ерекше еңбек етіп, маңдай терін төккен ғалым-зерттеушілер Берік Жүсіпов, Әбдісаттар Оспанов, Тәңірберген Дәрменов, Тоғжан Төлепберген, Аманжол Сақыпұлы және тағы басқалар. Жырау, жыршылар қоғамның өзгеруіне орай кейде әлсіреп, кейде тұншықтырып, тіпті санадан сылып тастауға дейін тырысқан небір тарихи, саяси оқиғаларға төтеп берді. Жырау – ел мен ханның арасындағы дәнекер болған ұлы тұлға. Жыраулар академиясы дала заңында қаншама жылдар бойы жалғасуда» дейді монография авторы өз еңбегі жайында.

Ал концерт жыршы-термеші шығармашылығының 35 жылдығына арналды. Төрт сағатқа созылған кеште Елмұра Жаңабергеннің өзі, оның шәкірттері мен әріптестері өнер көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сәуле Жанпейісова, Ардақ Балажанова, Гүлмира Сарина, Клара Төленбаева, т. б. күміс көмей, жез таңдай өнерпаздар жиналған көрерменнің жан сарайын ашты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button