Шаһар шежіресі

Жүгіру жарысы

Бұл сурет 1962 жылдың қазан айында түсірілген. Целиноград қаласының көшесінде ол кезде жүгіруден жарыс өткізу ­қалыпты жағдай, дәстүрлі дағдыға айналғандай еді.

Өйткені жүгірудің адам ағзасына қаншалықты пайдалы екені туралы кеңес заманында көп айтылатын, баспасөз бетінде кеңінен насихатталатын. Әсіресе Тың өлкесіндегі Целиноград қаласында спорттың осы түріне аса маңыз берілетін. Олай дейтініміз, тек 1961-1962 жылдары шаһарда түрлі қашықтыққа жүгіру, ұзындық пен биікке секіру сияқты жеңіл атлетикадан жеті рет облыстық жарыс өткізіліпті. Міне, осындай кезекті қала кәсіпорындары жұмысшылары мен қызметкерлері арасында 3 мың метр қашықтыққа жүгіру бәсекесінде «Целинсельмаш» зауытының жұмысшысы Ибадолла Смағұлов топ жарып, бас жүлдені иемденген. Жерлестері оның тек жүгіру ғана емес, футбол мен шахматты да өте жақсы ойнайтынын еске алады.

Суретте сол кездегі

орталық көшенің бірі – Карл Маркс (Кенесары) көшесі

бойындағы жүгіру

жарысынан көрініс.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button