Қала мен Сала

Зияткерлік көлік жүйесін дамыту мүмкіндіктері

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен елорда әкімдігінде өткен жиында көлік және көше-жол желісі саласындағы цифрлық шешімдердің қолданылуы талқыланды.

Бүгінгі таңда елордада көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттырып, көлік қозғалысының кідірісін азайту, жол жүру уақытын қысқарту бағытында қыруар жұмыстар қолға алынуда. Осы шараларды іске асыру зияткерлік көлік жүйесін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Мамандардың мәлімдеуінше, Астанада зияткерлік көлік жүйесін пайдалану есебінен көлік жылдамдығы 18%-ға ұлғайды, жол жүрудің орташа уақыты 20%-ға азайды. Қаладағы «ақылды» бағдаршамдар кептеліс кезінде оңтайлы жұмыс режимін таңдауға мүмкіндік береді, осылайша жолдардағы қозғалысты жеңілдетеді.

Елордада бағдаршам нысандарының 42%-ы зияткерлік функциялармен жабдықталған. Алдағы уақытта бағдаршам нысандарының шамамен 80%-ын зияткерлік көлік жүйесімен қамту жоспарланып отыр. Бұл ретте қала басшысы Алтай Көлгінов зияткерлік көлік жүйесінің статистикалық деректерін көліктік жоспарлау кезінде одан әрі ескеру қажет екенін атап өтті.

Бұған дейін елордада кешенді көлік схемасы тұжырымдамасы бекітілген болатын. Бұл халықтың жыл сайынғы өсуін және жолдардағы трафиктің ұлғаюын ескере отырып, қалалық көліктің 10 және одан да көп жылға бірыңғай техникалық пайымын әзірлеуге мүмкіндік береді. КҚК сондай-ақ жаңа автомобиль көпірлерінің, көлік айрықтарының санын ұлғайтуды, көшелерді кеңейтуді, жолдарды тесуді, қоғамдық көлікті айтарлықтай жаңғыртуды және т.б. көздейді.

Үстіміздегі жылдың жаз айларында Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір пайдалануға берілді. Сонымен бірге Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылындағы тағы бір көпірдің құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Соңғы жылдары елордадан сыртқарырақ орналасқан елді мекендерді жалғайтын жолдардың мәселесіне көбірек көңіл бөлініп келеді. Осылайша, бас қалада 400-ден астам көше жөнделді.

Жалпы, көлік инфрақұрылымын дамыту мемлекеттің экономикалық әлеуетіне әсер ететін негізгі құрамдас бөліктердің бірі болып табылады. Тиімді көлік инфрақұрылымы өндірістік процестерді жеделдетіп қана қоймай, аймақішілік ынтымақтастықты нығайтады, сонымен қатар халықтың қолайлы өмір сүру ортасы үшін аймақтық және қалалық инфрақұрылымның жүйелі дамуына ықпал етеді.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button