Елорда тынысы

Инфрақұрылым мәселелерін талқылады

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов пен елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Солтанбеков мәслихат депутаттарымен бірге бас қаланың келешектегі инфрақұрылымға қатысты мәселелерін талқылады. Бұл туралы Е.Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Әріптестермен және елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Солтанбековпен бірге қаламыз­дың алдағы жылдары болуы ықтимал инфрақұрылымдық мәселелерді талқыладық. Атап айтсақ, халық санының көбеюі, құрылыс қарқыны, сондай-ақ жылу және сумен жабдықтау желілерінің тозуы мәселелері бойынша ой-пікірлерімізді білдік» деді Е.Каналимов.

Оның айтуынша, қазірге дейін тиісті деңгейде тазаланбаған Астана су қоймасы 2028 жылға қарай су резервке айналуы мүмкін. «Есілді суға толтыру  Қ.Сәтпаев арнасы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, резервтік су құбырын жобалау басталды. Сумен жабдықтау мәселелерін шешу үшін шамамен 11,5 миллион шаршы метр тұрғын үйді төрт жылда кезең-кезеңімен пайдалануға беру ұсынылды» деп түсіндірді ол.

Бұдан бөлек, жиынға қатысушылар инженерлік инфрақұрылымның бірқатар мәселелерін, соның ішінде елордамыздың оң жағалауын абаттандыру жолдары туралы ой бөлісті. Е.Каналимов жақын арада осы мәселелерді шешу үшін комиссия құрылатынын, оның құрамына Астана қаласы мәслихатының әр тұрақты комиссиясынан бір депутат кіретінін жеткізді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button