Елорда тынысы

Күйшілер аллеясы ашылды

Елордада Республика күніне орай Күйшілер аллеясы ашылып, саябақта 101 күйшінің есімі жазылған ескерткіш қойылды.

Ескерткіштің бір ерекшелігі – бір жағында мыстан құйылған қобыз, бір жағында домбыра тұр. Мәрмәр тастан жасалған ескерткіштің ұзындығы – 3 метр, ал биіктігі – 2 метр. Идея авторы Төлеген Қуанышевтың айтуынша, мұны жасауға шамамен алты айдай уақыт кеткен.

– Байқасаңыздар, кіреберісте шаңырақ бейнеленген. Ал бұл қазақ халқының символы ғой. Сондай-ақ қазақты өзінің күйімен, өнерімен танытқан 101 күйшінің аты мәрмәр тасқа қашалып жазылған. Ал мұндай көлемді тасты Алматы облысынан алдырдық. Бүгін – ұлттық өнеріміздің мерекесі. Осындай мерекелер алда көп бола берсін! – деді идея авторы әрі профессор Төлеген Қуанышев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button