Әлеумет

Көкірек көзін ашайық

Бүгінгі таңда елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың проблемалары өзекті. Деректерге сүйенсек, соңғы 10 жылда әлем бойынша зағип балалардың саны бірнеше есе өсті. Дамыған елдерде олардың дамуындағы ерекшеліктерін ауру ретінде емес, жағдай ретінде қабылдап, ерекше балалармен жұмыс істеудің медициналық моделінен білім беру моделіне көшті. Инклюзивті білім беруді іске асыру жолында қазақстандық мамандар жаңа әдістер мен бағдарламаларды ашты.

Астана қаласының №10 мектеп-гимназиясында көру қабілеті бұзылған 180 бала оқиды, оның ішінде 29 бала зағип. Оларды оқыту үшін барлық қажетті жағдай жасалуда. Мектепте балалар үшін арнайы педагог-ассистенттер мен тәрбиешілер жұмыс істейді.

– 2015 жылдан бастап мектепте көру қабілеті бұзылған балаларға арналған сыныптар ашылды, – дейді мектеп директоры Бақытжан Орынбаев.

Бұл білім ордасы – елордада зағиптарға арналған сыныптар жұмыс істейтін жалғыз мектеп.

Жуырда мектепте жоғары деңгейде ұйымдастырылған конференция өтті. Мақсаты – арнайы және инклюзивті білім беруді дамытуда ғылым мен тәжірибенің және әлеуметтің күш-жігерін біріктіру.

Өкінішке қарай, елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар жылдан-жылға артып келеді, яғни алдыңғы жылмен салыс­тыр­ғанда зағип жандар саны 8000 адамға артқан. Бұл дегеніміз инклюзивті мектептер санын арттыру керегін білдіреді.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Кенжеғұл Социалұлы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамы, қайырымдылық қорлардың өкілдері, республикалық коррекциялық педагогика және нейропсихология білім беру орталығының өкілдері, Корея, Dot Incorporation компаниясының өкілі, Ыстанбұл қаласы, Тюркан Сабанджи атындағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының директоры, жалпы орта білім беру ұйымдары мен арнайы білім беру ұйымдарының басшылары, психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия басшылары, мұғалімдер, БАҚ өкілдері, мүгедек адамдардың қоғамдық бірлестігінің өкілдері, ата-аналар қатысты.

Конференция панельдік пікірталас, кейс-сессия, benchmarking, workshop, ­шебер-сынып және интерактив форматында өтті.

Гауһар АМАНГЕЛДІ,

Л.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button