Қала мен Сала

Көшелер жөнделуде

Елордада көшелерді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қаладағы тағы екі көшеге – Бейбітшілік және Қараменде би Шақаұлы көшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жұмыс Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.

Мәселен, жол төсемін орташа жөндеу Абай даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі Бейбітшілік көшесінде жүргізіледі. Осыған байланысты учаскеде ағымдағы жылдың 23 мамырынан 1 маусымына дейін автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.

Жөндеу жұмыстары ­С.Бейбарыс көшесінен Ақан сері көшесіне дейін Қараменде би Шақаұлы көшесінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты 23 мамырдан 5 маусымына дейін аталған учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button