Шаһар шежіресі

Мәскеу циркі – Целиноградта

Тың төсіндегі Целиноград қаласына ХХ ғасырдың жетпісінші жылдардың басында көршілес Ресейдің атақты адамдары, танымал әртістері гастрольдік сапармен жиі келетін.

Әсіресе, Мәскеу, Ленинград, Новосібір, Свердловск (Екатеринбург) тағы да басқа қалалардан одаққа кеңінен танылған шығармашылық ұжымдары көктем шығысымен әлсін-әлсін өнер көрсетіп жататын.

Міне, сол кездің өзінде даңқы аспандай бастаған Мәскеу жануарлар циркі 1973 жылдың 12-20 мамыры аралығында шаһарға ат басын тіреп, үлкенді де, кішіні де өз өнерлерімен қуанышқа бөледі. Әсіресе, үйретілген пілдер мен маймылдардың сан түрлі қимыл-трюктеріне қалалықтар тәнті болды.

Бүгінде зейнет жасына жақындап қалған, байырғы қала тұрғыны Дмитрий Авдеев былай деп еске алады: «Мәскеу циркі колхоз базары аумағында орналас­ты. Мен ол кезде он жастағы бала едім. Циркке әкем алып барды. Есімде піл мен қоңыр аюдың музыка әуеніне аяқтарын көтеріп билегені қалыпты. Олар сол жерде он күндей өнер көрсетті. Меніңше, он күн бойы да көрермен арылған жоқ».

Суретте Мәскеу циркі пілі жұртшылыққа өнер көрсетер алдында және бүгінгі Астана циркінде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button