Елорда тынысы

Отбасыңмен күш сына!

Елордалық Триатлон паркінде 2 қазанда балалар жылына арналған «OTBASY DUATLON 2022» жарысы өтеді.

Тіркеу нөмірлері 2 қазанда сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін беріледі. Жарыстарға қатысуға 8 жастан 9 жасқа дейінгі, 10 жастан 11 жасқа дейінгі және 12 жастан 13 жасқа дейінгі жас санатындағы балалар жіберіледі. Ата-аналардың жасы маңызды емес.

Жарыс екі спорт түрінен үш қашықтықта өткізіледі. Бірінші әкелер 2,1 км қашықтыққа жүгіріп өтеді. Олар аналар велосипедпен 2,1 км жүріп өтіп, эстафета таяқшасын балаларына өткізеді. Ал балалар 200 метр жүгіріп мәреге жетеді.

«OTBASY DUATLON»-ға тіркелу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 87470545900; 87079778001.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button