Мәдениет

Оқырман мен журналистер кездесті

Астанада «Баспасөзге жазылушылар» мере­кесі өтті.

«Қазпошта» АҚ «Астана поч­тамты» астаналық фи­лиалы  ұйымдастырған іс-шараға «Егемен Қазақ­стан», «Казахстанская правда», «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана», «Айқын», «Литер», «Түркістан», «Қазақстан кәсіподағы», «Елорда білімі», «Жаңа бастау» газеттері, «National geographic» журналы және басқа да баспасөз өкілдері қатысты.

Мерекелік іс-шара барысында оқырмандар газет-­журнал басшыларымен, сондай-ақ журналистермен сұхбаттасып, өздерінің ойларын ортаға салды. Ал өз кезегінде редакция өкілдері «Астана почтамт» мекемесінің басшылығына әріптестік қарым-қатынастары үшін ризашылықтарын білдіріп, бірқатар почта қызметінің ардагерлеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар берді.

Болат АБЕНОВ, МИБ төрағасы:

– Мен «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің  оқырманымын. Осы басылымдардан барлық жаңалықты, өзімізге қажетті ақпаратты аламыз. Бүгінгі іс-шараға арнайы келдім. Журналистермен кездескім келді. Рахметімді айттым. Астаналық газеттерге міндетті түрде жазыламын.

Іс-шара барысында газетке жазылушылар да табылды. Соның бірі журналистика ардагері Ғалия Балтабай болды.

– Мен радио журналисі­мін. Бірақ газет-журнал деген – менің рухани азығым. Редакция қызметкерлеріне шығармашылық шабыт тілеймін. Ырым болсын деп алдағы жылға «Астана ақшамы» газетіне жазылдым.

Баспасөзге жазылушылар мерекесі шын мәнінде оқыр­ман мен журналистердің жүздестірген, ойлы ұсыныстар ортаға салынған игі іс-шара болды. Осындай шараны ұйым­дастырған «Астана почтамт» ұжымына «Elorda Aqparat» медиакомпаниясының директоры Олжас Сыдықбек әріптестік қарым-қатынас үшін алғысын айтып, халық үшін жасап жатқан берекелі істеріне сәттілік тіледі.

Мерекелік іс-шара мекеме қызметкерлерінің концертіне ұласты.

 

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button