Қоғам

Редакция ардагерлері қонаққа келді

Кеше «Астана ақшамы» газетінен зейнеткерлік демалысқа шыққан ардагерлер редакцияға келіп, журналистермен сұхбат құрды.

Астаналық газеттің алғашқы саны шыққан күніне орай шақырылған баспасөз ардагерлері, белгілі журналист Амангелді Жұмабек пен корректор Раушан Досхожина жұмыс істеген кезін еске түсіріп, газеттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

«Мен үшін «Астана ақшамы» әрдайым ыстық көрінеді. Өйткені бүкіл саналы ғұмырымды баспасөзге арнағаныммен, осы газеттен құрметті еңбек демалысыма шықтым. Әрине, ол кезеңмен қазіргі кезеңді салыстыруға келмес, дегенмен журналистің мақсаты мен мүддесі ешқашан өзгермейді ғой. Халық үшін, оқырман ықыласы үшін жасап жатқан еңбектерің жемісті бола берсін» деді журналис­тика ардагері, ақын Амангелді Жұмабек.

Газет ардагерлеріне «Elorda Aqparat» ЖШС директоры Олжас Сыдықбек естелік сыйлық табыстап, зор денсаулық, баянды бақыт тіледі. Ал газеттің бас редакторы Еркін Қыдыр ардагерлерді 2023 жылға «Астана ақшамына» жаздырып қойғанын хабардар етті.

Редакцияның дәстүрі бойынша ұжымның қыз-жігіттері ардагерлерге дас­тархан жайып, көңілдерін көтерді.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button