Елорда тынысы

Саябақтар тәртіпке келтіріледі

Жақында елорданың бірқатар саябақтары мен қоғамдық кеңістіктерін аралаған қала әкімі Жеңіс Қасымбек бұл орындарда ревизия жүргізілетінін айтты.

Оның айтуынша, саябақтарда сынған орындар, қураған ағаштар бар, суару жүйесі барлық жерде дұрыс жұмыс істемейді және тағы басқа кемшіліктер жеткілікті.

– Әріптестеріммен бірге бірқатар саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді, оның ішінде Көктал елді мекеніндегі саябақты, Орталық саябақты, Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының іргелес аумағын аралап шықтық. Сондай-ақ Ақбұлақ өзенін тазарту бойынша жұмыс жоспары талқыланды. Қаланы көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мәселен, көрікті орындар мен мәдени нысандарға іргелес аумақтарды да көгалдандырамыз. Алайда мердігерлердің бәрі бірдей жауапкершілігін сезіне бермейді. Музыкалық драма театры жанында қоғамдық кеңістік салып жатырмыз. Қазір ағаш отырғызу жұмысында кемшіліктер бар. Бұл проблеманы жақын арада ретке келтіруді тапсыр­дым, – деді қала әкімі.

Алдағы уақытта қалада қолданыстағы саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерге көңіл бөлініп қана қоймай, жаңа аулалар мен қоғамдық кеңістіктер, гүлзарлар мен желекжолдар салынады. Бұл елорда тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын ашық аспан астында пайдалы өткізуіне септігін тигізеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button