#Жаңа Қазақстан

Саяси жүйені түбегейлі өзгертеді

– Мемлекет басшысының қаулысына сәйкес, биыл 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Ел тұрғындарын маңызы жоғары саяси науқан күтіп тұр. Бұл сайлау науқаны ел экономикасын қарқынды дамытуды, халықтың әл-­ауқатын арттыруды көздейтін міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді деген сенімдемін. Демократияның жарқын үлгісі болатын саяси науқан тек оң өзгерістер мен жаңа бастамаларға себеп боларына сенім мол. Конституциялық реформаны іске асыру арқылы сайлау науқаны да барлық заң талаптарын сақтай отырып жүргізіледі деп мәлімделді. Жалпы соңғы үш жылда жасалған өзгерістер мен конституциялық реформа мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа үлгісін қалыптас­тырып келеді.

Мемлекет басшысы сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік беретінін айтты. Оны отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өткізетінін жеткізді. Сонымен қатар ол биыл өзгерістер жылы болғанын, кейінгі үш жылда жасалған өзгерістер мен конституциялық реформа мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа үлгісі қалыптасқанын айтты. Сондықтан елімізде басталған саяси және экономикалық реформаларды соңына дейін жеткізу керек. Елге экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шеше алатын мықты саяси жүйе қажет. Сол үшін саяси институттарды жаңарту күшін әлеуметтік-экономикалық саланы нығайтуға шоғырландыруға мүмкіндік беріледі. Бұл сайлау елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертіп, сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақмерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады.

Абзал Орынбасаров, Астана қаласы №7 қалалық емхана

директорының орынбасары

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button