Қала мен Сала

Сертификаттар табыстады

Қалалық Тұрғын үй орталығында «Мен МИБ құрамын» атты тренинг-практикумның тыңдаушыларына сертификаттар табысталды.

Осы айдың басында Астана қаласының әкімдігі жанындағы МИБ  орталығында шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, оған қатысушылар мүлік иелерінің бірлестігін құру рәсімдері, құжаттарды дайындау ережелері, онлайн дауыс беруді өткізу тәсілдері, даулы жағдайларды шешу, шығындар сметасын жасау ережелері, тұрғын үйді басқару бойынша басқа да мәселелер туралы дәріс алған болатын. – Қалада МИБ құру жөніндегі тренингтердің барысында тұрғындар шығындар мен шығындар сметасы бойынша көптеген сұрақтар қойды. Әсіресе, тыңдаушылар тұрғын емес үй-жайлардың иелерімен байланысты мәселелерге баса назар аударды, – деді қалалық МИБ орталығының жетекшісі Гүлвира Әбетова. Орталық жетекшісінің айтуынша, тренинг барысында тыңдаушыларды толғандырған мәселе аз болмаған. Олардың басым бөлігі тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі не үшін төлем төлейтінін, неліктен сметада жазғы кезеңде қардың әкетілуі көрсетілетінін, неге шығын материалдары инженерлік жүйелерді күтіп ұстау бойынша қызметтердің құнына кірмейтінін және т.б. туралы толығырақ білгісі келеді екен.

Тренинг-практикум барысында тыңдаушылар осы сұрақтардың бәріне тұшымды жауап алды. МИБ-тің қазіргі төрағалары осы саладағы өз қиындықтарын айтып, үйлеріндегі инженерлік жабдықтарды, құжаттаманы, қасбетті қалпына келтіру кезеңдерінде кездескен жайттарды баяндады. Сондай-ақ бақылау-қадағалау органдарымен объектіге қызмет көрсету процестерін қалай реттеу жолдарымен бөлісті. Сонымен қатар, шараға қатысушылар тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй ғимараттарын пайдалану мәселелері бойынша «Бірыңғай терезе» жұмысының форматымен, қызметтің басқа да түрлерімен танысып, МИБ төрағалары қауымдастығымен қалай өзара іс-қимыл жасау, қала аумағында қандай іс-шаралар өткізетіндері, оларға қалай қатысу керектігі және белсенді тұрғындар қандай бағыттар бойынша жұмыс істей алатыны туралы молырақ мағлұмат алды. Салтанатты шара барысында Астана қаласының «АС ЖКХ» меншік иелері қауымдастығының президенті Зәуреш Әбдиева және қауымдастықтың басқа төрағалары елордадағы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы заңнаманы жақсарту жөнінде айта отырып, тренинг тыңдаушыларына сертификаттар табыс етті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button