Білім

Соғылды соңғы қоңырау

1 маусымда Астананың 164 мектебінде оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шаралар өтті. №8 мектеп-лицейіндегі салтанатты жиынға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев қатысып, түлектерді мектеп бітіруімен құттықтады. Оларға сәт-сапар тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

– Бүгін бізде соңғы қоңырау кеші болып жатыр. Мектеп бітіргенімізге де 11 жыл өтіпті. Достарымды, ұстаздарымды қимай тұрмын. Мен биология пәнін таңдап, медицина саласына оқуға түскім келеді. ҰБТ-дан жақсы нәтиже көрсетіп те жүрмін. Алдағы мақсатым – «Алтын белгіні» қорғап, грантқа оқуға түсу» дейді № 8 мектеп-лицейінің түлегі Данияр Абдушукуров.

8 мектеп-лицей ғимараты 2020 жылы 1 қыркүйегінде ашылды. 1725 оқушы білім алуда. Мектеп «Құндылыққа негізделген білім беру» жобасымен білім береді. Директоры – Гүлнұр Айтимова.

– Мен 11 «ә» сыныбының  жетекшісімін. Биыл мектепті 45 түлек аяқтап, алтын ұясынан ұшқалы отыр. «Алтын белгіге» 3 үміткеріміз бар. Шәкірттеріміз мектепті бітіріп, жаңа өмірге қадам баспақ. Оқушыларымды қимай да тұрмын. Оларға өмір жолында сәттілік тілеймін. Алдағы сынақ – ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, қалаған мамандық иесі болса деген тілегім бар» дейді № 8 мектеп-лицейінің мұғалімі Маржан Тәбешова.

Маусымның алғашқы онкүндігінде 9-сынып түлектері қорытынды емтихан тапсырады. Ал 11-сынып бітірушілері үшін мемлекеттік емтихандар маусымның 5-19 аралығында өтеді. 22 маусымда түлектерге аттес­тат берілсе, жазғы лагерлер 5 маусымнан басталады.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button