Елорда тынысы

Су айдындары тазартылды

Астана қаласының аумағында алғаш рет биологиялық препаратпен шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекциялық жұмыстар жүргізілді.

Қала аумағындағы бірқатар су айдынындағы дернәсілдерді улауда жерүсті әдісімен бүрку арқылы «Бактицид» биологиялық препараты қолданылды. Аталмыш жұмыстың басты мақсаты – су айдындарын өңдеу барысында флора мен фаунаға зиян келтірмей, шыбын-шіркей санын азайту.

Дезинсекциялық өңдеу жұмысы Нұра-Есіл каналы, Есіл, Қарасу, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендері, Бұзықты, Талдыкөл, Кіші Талдыкөл көлдері, Ботаникалық бақтағы тоғандар, «Зеленый квартал» тұрғын үй кешені аумағын қамтыды. Бұрын бұл объектілер балықтар мен құстар сияқты тірі ағзалардың болуына байланысты масалардың дернәсілдерінен өңделмеген.

«Бактицид» – қауіпсіз биологиялық препарат. Өңдеу жұмысы дезинсекция­лық жабдық орнатылған арнайы су техникасымен жүргізілді. Сондай-ақ, квадрокоптер арнайы аппараты қолданылады. Дезинсекциялық өңдеуден бұрын энтомологтар мен СЭС өкілдерінің ғылыми тобы дернәсілдердің барын алдын ала анықтап, зерттеу жұмысын жүргізді. Алдағы уақытта мұндай жұмысты жыл соңына дейін бес рет жүргізу жоспарланып отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button