Басты ақпаратЕлорда тынысы

Таза болсын қаламыз

Қай қаланың болсын көркі мен сәні тазалығынан көрінеді. Осы орайда Астананың ажарын келтіріп жүрген тазалықшылар еңбегі ұшан-теңіз. Таң атқаннан күн батқанға дейін қала көшелерін қоқыстан тазартып жүретін коммуналдық қызмет жұмысшыларының әлеуметтік жағдайын жақсартуға елорда әкімдігі ерекше маңыз беріп келеді. Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданың тазалығына жауапты «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.

– Біздің коммуналдық қызмет күндіз де, түнде де, кез келген ауа райына қарамастан: аязды және жаңбырлы күні, қар жауғанда да жұмыс істейді. Тазалықшылардың қажырлы және жауапты жұмысының арқасында қалада тәртіп пен тазалық сақталады, – деді Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Астана Тазалық» кәсіпорны жұмысшыларымен кездесу барысында.

Соңғы үш жылда 300-ден астам арнайы техника мен жабдық алынып, автопарк айтарлықтай жаңарып, қыз­мет сапасы артты.

Енді қала өмірінде маңыз­ды қызмет атқарып жатқан мамандардың жалақысын қараша айынан бастап 20 пайызға (жол жұмысшысы мен жүргізушінің жалақысы) артады. Бұған дейін жалақы басқа санаттар үшін де көтерілген еді.

– Сыйақылар, соның ішінде мереке күндеріне енгізілді. Бірақ бұл да жеткіліксіз. Біз жағдай жасау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз, соның ішінде коммуналдық қызмет қызметкерлерінің жалақысын көтереміз, – деді қала басшысы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button