Шаһар шежіресі

Тың игерушілер құрметіне бөленді

Даңқты театр және кино шебері, КСРО халық әртісі (1973) Анатолий Дмитриевич Папанов (1922-1987 ж.) 1975 жылы 13, 14 желтоқсан күндері Целиноград қаласына келіп, Тың игерушілер сарайында өнер көрсетті.

«Союзмультфильм» киностудиясының ең үздік туындыларының бірі «Қап, бәлем, тұра тұр!» мультфильміндегі өзі қазған орға өзі түсіп жүретін аңқау қасқырдың дауысын дыбыстайтын А.Д.Папанов еді.

Целиноград облыстық атқару комитеті Мәдениет басқармасының бастығы Б.Маевскийдің Кеңес киноөнерін насихаттау бюросының қазақ бөліміне жазған пікірхатында А.Д.Папанов екі күнде халықпен 5 рет кездесіп, оның екеуін кино әртісі, үшеуін театр әртісі ретінде өткізгенін хабарлайды.

А.Д.Папановпен кездесу филармония әншілерінің қатысуымен концерт түрінде өткізілді. Түрлі спектакльдерден үзінділер орындалып, кинокартиналардан фрагменттер көрсетілді. Кешкі кездесу соңында В.Мережконың сценарийі­мен түсірілген режиссер Г.Полоканың 1975 жылы экранға шыққан (1974 жылы түсірілген) «Одиножды один» көркемсуретті фильмі көрермендерге ұсынылды. Фильмде орындалатын әндерді В.Высоцкий жазған.

А.Папановты тың өлкесінің көрермендері жылы қабылдап, ду қол шапалақтап, асқан қошеметпен қарсы алды. Үлкен сахна шеберінің кездесуі кезінде зал лық толы болды, екі күнде оның өнерін 12 мыңнан аса адам тамашалапты.

Ғазиза ИСАХАН

 

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button