Шаһар шежіресі

Тың өлкесіндегі поэзия апталығы

1970 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Жазушылар одағының секретары, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жұбан Молдағалиев бастаған бір топ ақын-жазушы «Қазақстан поэззиясының апталығын» өткізу үшін Целиноград қаласына келді. Олардың қатарында Қазақстанның белгілі ақын-жазушылары Ғали Орманов, Дихан Әбілев, Федор Моргун, Сағынғали Сейітов, Ғафу Қайырбеков, Есет Әукебаев, Қасым Қайсенов, Леонид Спалковский, Ісләм Жарылғапов, Жайсаңбек Молдағалиев, Төлеу Шаханов болды. 

Ақын-жазушылар апталықтың алғашқы күні таңертеңгі 11.00-де Саяси ағарту үйінде облыстағы шығармашылық жастармен, жас талап әдебиетшілермен кездесіп, семинар өткізді. Түстен кейін сағат 15.00-де «Восход» кітап дүкенінде, ал кешкі сағат 19.00-де Тың игерушілер сарайында қала жұртшылығымен дидарласты.

­­Алматылық қонақтар 11 желтоқсан күні қаланың кәсіпорындарында, институттарда болып, оқырмандарға кітаптарына қолтаңба берді.

Одан кейінгі күндері егін егіп, мал баққан еңбек адамдарына барып, аудандарды аралады.

Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button