Елорда тынысы

Уәделер орындалады

Amanat партиясының елордалық мәслихаттағы фракциясының Астана қаласы бойынша сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша жол картасын талқылау жиналысы өткізілді.

– Amanat партиясы елордалық филиалының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған жол картасын қарастырдық. Бағдарламалық құжат елорда тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруды көздейді, – деді Amanat партиясы саяси кеңесінің мүшесі және Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.

16 басым бағыт бойынша 110 міндетті жүзеге асыру көзделген. Қарастырылған жол картасы Астана қаласы тұрғындарының маңызды мәселелерін шешуге арналған үлкен тетік болмақ. Нақты атап айтсам, бағдарламада білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салу, әлеуметтік сала, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды дамыту, экология, қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне басымдық берілді. Әрбір бағыт бойынша мемлекеттік органдар басшыларының, сондай-ақ, партия мүшелерінің қатарынан мерзімдер мен міндеттердің орындалуына жауапты тұлғалар бекітілді. Amanat партиясы сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру мәселесі елордалық мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауында болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button