Қала мен Сала

Халықтың талап-тілегі ескерілді

Елордада қала тұрғындарымен кездесу жалғасуда. Бас шаһардың аудандық әкімдіктері басқармалармен бірлесіп «Sport City», «Зам Зам», «Хайвил» және т.б. тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен бірқатар мәселені талқылады. Кездесуде тұрғын үй кешенінің орнына әлеуметтік нысандар мен қоғамдық кеңістіктер: скверлер, бульварлар, аулалар салынатыны белгілі болды.

Мәселен, «Sport City» тұрғын үй кешенінің (ТК) тұрғындары әкімдікке жақын маңдағы аумақта ТК құрылысын тоқтату мәселелері бойынша жүгінген-ді. Осылайша, «Sport City» және «Әсем тас-2» тұрғын үй кешенінің арасындағы жер телімінде сквердің құрылысы жүргізіледі. Сол ауданда 2400 орындық мектеп (2 ауысымда) салынуда. Қаланың бас жоспарында медициналық орталықты орналастыруға арналған учаске бар («Хайвил Парк-1» артында орналасқан).

«Хайвил» ТК тұрғындарының өтінішіне қатысты А.Байтұрсынов көшесі, 7 (Хайвил ТК) жер учаскесінде, бұрын айтылғандай, ТК орнына мектеп салынатын болады. Бұдан басқа, Р.Қошқарбаев даңғылы мен Ақыртас көшесі қиылысы маңында «Хайвил» ТК қарама-қарсы оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында тағы бір білім беретін мектеп салынады.

«Зам-Зам» ТК тұрғындарының өтініші бойынша тұрғын үй кешенінің жанында 4 мың оқушыға арналған (2 ауысымда) мектеп салынуда. Сондай-ақ А.Бектұров (бұрынғы атауы №49), Төле би (бұрынғы атауы №51), №69 көшесін, мектепке кіреберіс жолдарын салу жұмысы жүргізілуде. Келесі жылы осы ауданда сквердің құрылысы басталады.

К.Күмісбеков көшесі, 9 мекенжайы бойынша 21 қабатты тұрғын үй кешені мен паркингтің орнына қоғамдық кеңістік пен сквер салынады.

Демалу және серуендеу үшін қоғамдық кеңістік (сквер) құру бойынша ұқсас жоспар Мәңгілік ел даңғылының жанындағы Есіл ауданындағы №9 емхана мен №77 мектеп-гимназия арасындағы учаскеде жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек М.Горький-Косыгин-Челюскинцев-Ишимская көшесінің квадратында ТК орнына сквер салынады.

Елорданың желілік паркінде тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатып, саябақты абаттандыру жұмысы жалғасуда.

Қабанбай батыр даңғылындағы Керей-Жәнібек хандар және Орынбор көшесінің арасындағы жер телімінде қала тұрғындарымен өткен кездесуде айтылғандай, медициналық орталық салынады.

Аталған жобалар бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгізілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button