Ресми бет

Шахматтан үздікпіз

Грекияның Родос қаласында шахматтан оқушылар арасында әлем чемпионаты өтті. 54 елден 509 шахматшы келген бәсеке алаңы тартысты болды.

Классикалық шахмат бо­йынша G09 санатында сынға түскен елордалық Аланна Берікқызы 9 ойынның 8-інде жеңіске жетіп, І орыннан көрінді. Тағы бір жерлесіміз Әмина Қайырбекова 17 жасқа дейінгі шахматшылар арасында 8 ойында ұтып, алтын медальді еншіледі. Ал 9 жастағы астаналық Жауынбай Әлімжан қола медальға ие болды.

Командалық есепте 2 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль алған Қазақстан І орын алды. Медаль саны бойынша Түркия ІІ, Моңғолия ІІІ орыннан көрінді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button