Мәдениет

Юранайдың алғашқы көрмесі

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай ­кешенінің «Алаш» залында Юранай Абуованың суреттері қойылған «Мейірім шуағы» көрмесі ұйымдастырылды.

Бұл – Юранайдың алғашқы көрмесі. Көрмеде 20-ға жуық туындысы, соның ішінде портреттер, пейзаждар, натюрморт және «АЛЖИР» тақырыбына арналған жұмыстары ұсынылды. Екі жылдан бері елордалық «Индиго» көркемсурет мектебінде оқитын 14 жасар жас дарын бояулармен сурет салады. Оның сурет салуға деген қызығушылығы 9 жасында оянған. Осы уақытқа дейін балалар арасында өткен суретшілер байқауларында топ жарды. Ән салғанды да жақсы көреді. Халық композиторы Естай Беркімбайұлының «Юран-ай» атты әні бар. Жас суретші есімі соның әсерімен қойылған.

Көрмеге оның жақындары, әкесі мен бауырлары келді. Юранай өзінің шығармашылығы туралы әңгімелеп, сурет салудан ерекше ләззат алатынын айтты. Шығармашылығын дамытудағы белсенді қызметі үшін Юранайға «Аманат»-«АЛЖИР» қоғамдық қорынан сыйлық табыс етілді.

Жансая Абирбекова,
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button