Басты ақпаратЕлорда тынысы

Қазақ ертегісін ағылшынша сөйлетті

Астана қаласындағы №38 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Зәмзәгүл Туитинаның еңбегінің арқасында елордада қазақ ертегілерінің кейіпкерлері ағылшын тілінде сөйледі. Шет тілін оқытудағы жаңа әдіс оқушылардың оқу үлгеріміне оң әсерін тигізді.

Зәмзәгүл Туитина – ағылшын тілінен 39 жылдық еңбек өтілі бар, педагог-шебер. Осы жылдар ішінде ол ағылшын тілін оқытудың әртүрлі әдіс­терін жасап, тәжірибесін де қолдана білді. Сабақ барысында ақпараттық технологияларды қолдана отырып, тілді ән және фильмдер арқылы үйретумен қатар, оқушылар арасындағы танымал шығармалар мен қазақ ертегілерін ағылшын тіліне аударды. Ол атақты Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі мен «Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай» ертегісінен үзінділерді ағылшын тіліне тәржімәлап, танымал етті.

«Маған еліміздегі үздік ұстаздардың бірінің шәкірті болу бақыты бұйырды. Ағылшын тіліне деген үлкен қызығушылығым оның қызықты сабақтары мен шығармашылық тапсырмаларының арқасында оянды, мұғалімнің әр тақырыпқа үлкен ынтамен қарайтыны себепші болды.

«Зәмзәгүл Қалкенқызының тілді үйретуде ерекше әдіс-тәсілдері маған ұнады, шәкірттерінің білім деңгейін жоғары деңгейге дейін жеткізіп, ағылшынша сайрап шыққанына куә болдым. Ол еңбек еткен жылдары бір емес, бірнеше буын олимпиадашыларды тәрбиелеп шығарды» дейді 11-сынып оқушысы Ұлпан Болатқожа.

Зәмзәгүл Туитина – «Reading for pleasure» ағылшын тіліндегі нұсқаулықтың авторы. Оған балалар әдебиетінің классиктері мен ең танымал заманауи авторлардың үзінділері енгізілген. Балалар оларды сабақта да, бос уақытында да оқиды.

Сонымен қатар, Зәмзәгүл Туитинаның шәкірттері «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» республикалық жобасы аясында батыс әдебиетін ағылшын тілінде оқып жатыр. Сабақтар аптасына екі рет сабақтан тыс уақытта тегін өткізіледі.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button