Мәдениет

Қазақ өнерінен сыр шертеді

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Тілеуғали Қышқашбайдың «Қазақ өнер әлемі» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Жиын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтауымен ашылды. Министрдің құттықтауында симфония жанрында қалам тартқан композитор ретінде атағы елімізге танылған Тілеуғали Қышқашбайдың елеулі еңбегі, отандық музыка өнері майталмандарын тәрбиелеудегі орны, елордалық Мәдениет басқармасын басқарған жылдарындағы қала мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқаны баса айтылды.

Кітап автордың ғылыми-зерттеу жұмысы ретінде жазылды. Профессор он жылдан астам уақытта қазақ өнерінің мәселелерін зерттеп, терең талдау жасаған. 6 тараудан тұратын еңбекке 276 дереккөз пайдаланылды.

Сондай-ақ іс-шараға белгілі тарихшылар, ғалымдар, суретшілер қатысып, таныс­тырылым барысында профессор Тілеуғали Қышқашбай еңбегінің мән-маңызы мен өскелең ұрпаққа, әсіресе мәдениеттануға қызыққан студент, магистрант, докторант­тарға берер тағылымдық әсері туралы әр тараптан көсіле сөйлеп, авторға шығармашылық табыс тілеп, қазақ өнеріне бедері айшықты, берері мол сүбелі туынды қосылғанымен құттықтады. 14 баспа табаққа сыйған кітапты қатысушылар «Өнернама» деп бағалады.

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button