Елорда тынысы

Қай көше уақытша жабылады?

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ғұмар Қараш пен Біржан сал көшелерінде жол төсеміне жөндеу жұмысын жүргізуде. Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша ұйымдастырылды.

Мәселен, Ғұмар Қараш көшесі бойында Әзірбайжан Мәмбетов көшесінен Республика даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты 19-21 мамыр аралығында бұл учаскеде қозғалыс ішінара жабылса, 22-25 мамыр аралығында көлік құралдары үшін қозғалыс толығымен тоқтатылады.

Сонымен қатар, Біржан сал көшесі бойында Гёте көшесінен Ілияс Есенберлин көшесіне дейін жөндеу жұмысы үздіксіз жүргізілетін болады. 19-23 мамыры аралығында осы учаскелердегі қозғалыс ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақ­тары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button