Басты ақпаратҚала мен Сала

Қаланың көркі жолынан көрінеді

Жыл өткен сайын сәулеті мен дәулеті өркендеген елорданың ең маңызды нысандарының бірі – жолдары. Көлік пен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар кең әрі тегіс болса, онда қала тұрғындарының да көңілі жайлы болатыны анық. Сондықтан да Астана қаласында жол жөндеу және жол құрылысы жұмыстары ешқашан толастаған емес.

Алматы ауданындағы оңтүстік-шығыс шағын ауданының сол жағында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 9 шақырымнан асатын 9 нысанда, атап айтсақ, Қозыбасы, Бурабай, Есіл, Бұқтырма, Жайық, Дегерес, Еділ, Ақарыс, Ертіс көшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Осы көшелерде инженерлік коммуникациялар салу, тротуарларды жайластыру, жарықтандыру, ағаш отырғызу жұмыстары жалғасуда.

Бүгінгі таңда 2 қосымша нысанды жобалау жұмыстары басталды. Мәселен, Қобыланды батыр көшесі, Бурабай көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскеде және Хантау көшесі, Еділ көшесінен Бурабай көшесіне дейінгі учаскеде жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ жоспар бойынша 2023 жылы аудан аумағындағы Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен Ғ.Мұстафин көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскеде жол жабыны жаңартылады. Айнакөл көшесі, Абылайхан даңғылынан М.Төлебаев көшесіне дейінгі учаскеде, Қордай көшесі, Б.Момышұлы көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскеде және Р.Қошқарбаев даңғылы бойындағы ішкі жүру жолы, М.Жұмабаев даңғылынан С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскеде жол жабындары жаңартылуда.

Сонымен қатар Бурабай көшесінде, Абылайхан даңғылынан М.Төлебаев көшесіне дейінгі учаскеде, Таскескен көшесінде, Обаған көшесінен Берен көшесіне дейінгі учаскеде, Р.Қошқарбаев-әл-Фараби даңғылдарының қиылысы учаскесіндегі жол айрығының шығу жолдарына жаңа асфальт төселіп жатыр.

Ағымдағы жылы Балқантау көшесінде, Обаған көшесінен Ақыртас көшесіне дейінгі учаскеде, Б.Момышұлы даңғылы бойындағы ішкі жүру жолы, Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр.

Шағын ауданның оң жағындағы инженерлік желілерді, атап айтсақ, сумен жабдықтау су бұру және нөсер кәріздері желілерін салу жөніндегі жоба келісу кезеңінде. Қазіргі уақытта 45 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жұмыстары аяқталуда.

Алматы ауданында әлеуметтік нысандардың мәселесі де жыл өткен сайын шешіліп келеді. Мәселен, жаңа оқу жылына Қарқабат көшесіндегі №53 мектепке жапсарлас 600 орындық қосымша құрылыс салынады. М.Төлебаев көшесінде 1000 орындық тағы бір мектеп құрылысы басталады. Жоспар бойынша сол көшеде дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады.

Аудан аумағында абаттандыру жұмыстары да жылдағы дәстүрге сай жүргізілуде. Ағымдағы жылы Қордай көшесінде тағы бір қоғамдық кеңістік абаттандырылады.

Сондай-ақ оңтүстік-шығыс ауданында 83 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр.

27 мамырдан 1 маусымға дейін Әлия Молдағұлова көше­сінің бір бөлігі жөндеуге жабылды. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына көшедегі қозғалысын алдын ала жоспарлауды ескертті. Көшелерді жөндеу жұмысы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, Ә.Молдағұлова көшесінің Бекетай көшесінен Г.Потанин көшесіне дейінгі бөлігі жөндеуге жабылады.

Сондай-ақ құзырлы басқарма Мәскеу көшесінің бір бөлігі де жөндеуге жабылатынын хабарлады. 28 мамырдан 4 маусымға дейін Н.Тілендиев даңғылынан Бекетей көшесіне дейінгі жол учаскесінде жөндеу жұмысы жүргізіледі. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button