Елорда тынысы

Қала қолайлы болу керек

«Қоғамдық орындарда – саябақтарда, скверлерде, жағалауда орналасқан 48 дәретхананың 4-5-еуі ғана ережелерге сәйкес жұмыс істейді.

Негізгі тақырып «қолжетімді және жайлы қоғамдық дәретханалар» бағдарламасын іске асыру болып табылатын қоғамдық тыңдаулар алдында әріптес­термен және мониторингтік топпен бірге зерттеу жүргізілді. Антисанитария, жұмыс істемейтін есіктер мен судың болмауы ескертулердің толық тізімі емес. Көптеген жерлерде келушілер үшін есік жабық.

Елорданың миллионнан астам халқы мен туристері үнемі осы мәселеге тап болады. Әзірге дәретханалардың бірыңғай дизайны жоқ, сондай-ақ санитарлық-техникалық нормалар әзірленбеген. Кейбір дәретханаларды пайдалану үшін ақы алынады. Жауапты органдар жұмыс істемейтін дәретханалардың қызметін бақылау керек. Оларды қолдануға ақша бөлінсе де, іс жүзінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қолайсыздықтар бар. Соңғы аялдамаларда қоғамдық көлік жүргізушілеріне арналған дәретханалар жоқ.

Осыған байланысты жауапты органдар мен аудан әкімдеріне жедел тәртіпте депутаттарға қоғамдық дәретханалардың жұмысын жақсарту, техникалық нормаларды әзірлеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және ұсынуды тапсырдым» деп жазды Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button