Ресми бет

Қарттарым, аман сау жүрші!

Дүние жүзінде Халықаралық қарттар күні жыл сайын 1-қазанда атап өтетінін білесіздер. Осы айтулы  мерекеде біз абзал аталарымыз бен аяулы ақ жаулықты әжелерімізді, ата-аналарымызды  құрметтеп, сый-сыяпат жасаймыз. Сонымен қатар аталған бұл мереке дүние жүзін жайлаған қауіпті індетке байланысты егде адамдардың тұрмыстық жағдайларын қолдауға, олардың денсаулығына назар аударуға ерекше көңіл бөлуде.

Қарттар күні – тек қана алдыңғы  бүгінгі ұрпаққа ғана маңызды емес, сондай-ақ әрбір азаматқа да ой салары үлкен шара. Себебі әрбір қарияға қолдау көрсетіп, жағдайларын жақсартуға бағытталған маңызды шара болғандықтан, оны  мереке ретінде өткізуді жоспарладық.

Жасының егде тартуына, денсаулығының сыр беруіне байланысты қарттардың көптеген шешілмеген мәселелері туындайтынын білесіздер, сондықтан оларға қолдау көрсету туған-туыстары мен барша қоғамның міндеті.

Астана қаласында жылда Қарттар күні кең ауқымда өткізіледі.

Қалалық Ардагерлер кеңесі өкілетті, атқарушы органдарды, жұмыс берушілерді, бизнес құрылымдарының өкілдерін, еріктілерді, қоғамдық ұйымдарды Қарттар мерекесі қарсаңында және сол күндері егде жастағы азаматтарға, әсіресе мүгедек ардагерлерге, жеке тұратын зейнеткерлерге, аз қамтылған қарттарға арнайы көңіл бөлуге шақырады. Оларға материалдық тұрғыдан көмек көрсетуге, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуге және басқа да қолдау көрсетуді үйлестіріп келеміз.

Құрметті еңбек ұжымдарының басшылары, бизнес құрылымдарының өкілдері, сіздерді бүкіл өмірі мен еңбек жолдарын біздің сүйікті қаламыздың көркеюіне қомақты үлес қосқан ардагерлерге қолдау көрсетуге шақырамыз!

Әсіресе әлеуметтік – тұрмыстық және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге көмек етсеңіздер екен. Бірде-бір қарт жалғыз қалмасын.

Құрметті аға буын өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отыра, адал да ерен еңбектеріңіз үшін, жастарға жасаған қамқорлықтарыңыз үшін алғыс айтамыз!

Сіздерді мейірімді де жарқын мерекемен құттықтаймыз. Егде жасыңыз қиындық тудырмасын, денсаулықтарыңыз сыр бермесін, ұрпақтарыңыз Сіздерді мақтан тұтсын!

Сіздерге бақытты да бая­нды өмір, шаңырақтарыңыз­ға құт-береке тілейміз және туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыздың ыстық ықыласы мен жүрек жылуына бөлене беріңіздер!

Астана қаласының Ардагерлер кеңесі 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button