Елорда тынысы

Қолайлы және кедергісіз орта

Былтыр елордада Астана қаласы әкімінің бастамасымен әрі қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Белсенді ұзақ өмір сүру» жобасы іске асырылды.

Жоба өзінің тиімділігі мен жоғары нәтижелілігін сандық қана емес, сапалық көрсеткіштері бойынша да толық көрсетті. Бұл «Белсенді ұзақ өмір сүру» жобасына 2022 жылы қалалық Жұ­мыс­пен қамту және ха­лықты әлеуметтік қорғау басқармасы ведомстволық бағынысты кәсіпорны ретінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне айналдыруға мүмкіндік берді. Қарт адамдарға ыңғайлы болу үшін Алматы, Байқоңыр, Есіл және Сарыарқа аудандарында төрт филиалы ашылды.

Бүгінгі таңда «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» аясында қала бойынша 4000-нан аса зейнеткер тіркелген. Оларға 63000 қызмет түрі көрсетілді.

Орталық қарт адамдарға денсаулықты қолдау бойынша көмек көрсетуге, қолайлы және кедергісіз орта құруға, оларды қоғамдық өмірге тартуға бағытталған. Онда йога, скандинавиялық жүріс, медициналық, психология­лық дәрістер мен тілдерді оқыту, көшпелі іс-шараларды ұйымдастыру, мәдени объектілерге бару, тақырыптық концерттер мен өзге де рухани іс-шаралар өтеді. Кітапханалар жұмыс жасап, ересектер арасында кітап оқу мәдениеті артуда.

Ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру, ішкі шығармашылық әлеуетті іске асыру үшін жағдай жасау, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту – мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі. Осы орталықтардың жұмысы жасы ұлғайған азаматтарды қоғамға әлеуметтендірудегі маңызы зор. Ол егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, халықтың салауатты өмір сүру ұзақтығын арттыру, қарт адамдардың әлеуметтік және психологиялық әл-ауқатын жақсарту, егде жастағы адамдардың қоғам өмірінің әртүрлі салаларына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту үшін іс-шараларды көздейді. Осы жоспарды іске асыру үшін үлкен жастағы адамдардың жағдайын жақсарту мәселелері бойынша жоғарыда аталған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы – ересек адамдардың бос уақытын тиімді өткізу мекемесі. Нәтижесінде егде жастағы қазақстандықтар қоғамға белсенді түрде араласып, олардың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда. Барлық аудандарда «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарының ашылғаны – құптарлық игі шара.

Қарттарға құрмет көрсету – қашаннан ата салтымыз. Осы тұрғыдан алғанда, жаны жас, жасы егде қарияларымызға мемлекетіміз айтарлықтай көңіл бөлуде. Дей тұрғанмен қазақ қоғамында Қарттар үйі жоқ емес. Бұл қамқорлық жасау жолында ашылған үй дегенмен, бірі үшін қабырғасынан ызғар, төбесінен суық соғып тұратын пана. Енді біреулер үшін туған үйіне қарағанда тыныш ұйықтауға болатын орын.

Тәуелсіздік алғанға дейін Қарттар үйі болды ма? Болса қандай сипатта болды? Жылуы туған үйіндей болмаса да, амалсыздан баратын екінші жанұяға айналғанын жоққа шығара алмаймыз.

Бала өсіріп, қартайғанда Қарттар үйінде өмір сүруге мәжбүр болатын қазақтың аталары мен әжелері жоқ емес. Түн ұйқысын төрт бөліп, бесік тербеткен аналардың самайын ақ шалғанда қара шаңырағында олар неге жұмсақ төсек үстінде, немерелерінің арасында мамыражай күй кешпеске? Қоғамдағы мұндай өзгеріс қалай қалыптасты?

Жоғарыдағы келеңсіз, көкейге қонымсыз тіршіліктің жүгін жеңілдетуге айтарлықтай оң қадам жасауға бағытталған орталықтар жұмыс істейтінін біреу білсе, көпшілік бейхабар.

Ал келуге аса ынталы зейнеткерлер осындай «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарында жалғыздықтан арылып, жақын құрбы, замандас тауып, риясыз көңілмен түрлі секция мен үйірмеге белсенді қатысуда. Осындай жақсы қарым-қатынас, жылы үйлесімділік саналы ғұмырын қоғам дамуына, ел басқаруға жұмсаған Мұхтар Еркетаевтың бастамашылдығымен қаламызда жүзеге асуда. Ол – көптің ықыласына ие болып, ризашылығын алып жүрген азамат.

Атап айтуға тұрарлық осындай игі істер бүгінгі егде жастағы зейнеткерлерге Астана қаласы коммуналдық мемлекеттік мекеме – «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында» салтанат құруда. Осындай мекемелер елорданың зейнеткер-тұрғындары үшін қолайлы бас қосу орындарына айналғалы біраз жыл болды. Нәтижесінде қарт адамдардың денсаулығын қолдау және бос уақытын тиімді де қолайлы, тіпті қолжетімді жағдайда ұйымдас­тыру – бұл мекемелердің күн тәртібіне қойылған игі шаралар.

Орталықтардың жұмысы қарт адамдарға денсаулықты қолдау бойынша көмек көрсетуге, қолайлы және кедергісіз орта құруға, оларды қоғамдық өмірге тартуға бағытталған. Онда үстел теннисі, ұлттық ойын – тоғызқұмалақ, пішім және тігін, еңбек терапиясы, йога, скандинавиялық жүріс, сурет салу, т. б. үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Сонымен қатар медициналық, психологиялық кеңестер, IT және smart-сауаттылыққа, тілдерді оқыту, көшпелі іс-шараларды ұйымдастыру, мәдени нысандарға бару, тақырыптық концерттер мен өзге де іс-шаралар өтеді.

Ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдас­тыру, ішкі шығармашылық әлеуетті іске асыру үшін жағдай жасау, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту – мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі. Осы орталықтардың жасы ұлғайған азаматтарды қоғамға әлеуметтендірудегі маңызы артуда. Орталықтар егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын, халықтың салауатты өмір сүру ұзақтығын арттыру, қарт адамдардың рухани дамуына да қатысу мүмкіндігін кеңейту үшін іс-шараларды көздейді.

Орталықтардың жұмысы күн санап жандануда. Орталыққа келіп тіркеліп, өзіне қолайлы жағдай жасаушылардың саны артуда. Қарт адамдарға денсаулықты қолдау бойынша көмек көрсетуге, тиімді және кедергісіз орта құруға, оларды қоғамдық өмірге тартуға бағытталған.

Осындай орталықтардың басты міндетінің бірі – астаналық зейнеткерлердің саламатты өмір салтын қолдау.

Астана қаласында ашыл­ған барлық «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарының есігі айқара ашық, денсаулығын нығайтып, белсенді ұзақ өмір сүру мақсатында зейнеткерлер үлкен ықылас­пен уақытын өткізуде.

Маржан БЕКТҰРСЫНҚЫЗЫ,

Астана қалалық ­Ардагерлер кеңесі медиа тобының мүшесі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button