Шаһар шежіресі

Қос корифей – Тың төсінде

1966 жылдың ақпан айында Целиноград қаласының Тың игерушілер сарайында ВАСХНИЛ-дің көшпелі сессиясы ұйымдастырылды. Осында Одақтың қиыр-қиырынан жиналған ғалымдар мен тың игеруші диқандарға Алматыдан гастрольдік сапармен келген Қазақстанның өнер шеберлері концерт қойды.

Сол күні Қазақ КСР Халық әртісі, сахна шебері ­Ғарифолла Құрманғалиевті жұрт аса бір ыстық сезіммен қуана қарсы алды. Көп көңіліне орай Ғарекең де аянып қалған жоқ. «Нақ-нақ», «Көк айдай» әндерін желдірте, шалқыта орындаған күміс көмей әншіні тың диқандары сағынып қалса керек, қол соғып, қошеметтеп, ұзақ уақыт сахнадан жібермей қойды. Ол да көптің қалауы бо­йынша халық әні «Он алты қыз» бен Мұхиттың әні «Зәуреш», «Айнамкөзді», тағы басқа да әндерді мың құбылта шырқады.

Ғарекеңнен кейін жиналғандар опера және балет театрының солисі, атақты әнші, КСРО Халық әртісі Ермек Серкебаевтың сахнаға шығуын тағатсыздана күтті. Міне, ол сахна ортасында. Әсіресе баритон да­уысты опера корифейі орындаған Мәдидің «Қаракесегі» мен халық әні «Сұршақызды» жұрт ерекше сүйсініп тыңдады. Көпшіліктің өзіне деген асқан құрметін жақсы түсінген әнші де әндерін аса бір толқыған шабытпен құйқылжыта, тебірене шырқады. Өнер шеберлерінің концерті зор ықыласпен тыңдалды.

Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button