Қала мен Сала

Үйді қараусыз қалдырмаңыз

Астанада жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күн сайын жеке сектор тұрғындарымен жылыту пештерін және электр қуатын дұрыс пайдалану бойынша түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Жыл сайын жылыту маусымының басталуымен тұрғын үйлердегі тұрмыстық өрттің саны артады, олардың себептері көбінесе жылыту жүйелері мен қондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу, пешпен жылыту, электр желісін шамадан тыс жүктеу, сондай-ақ қарапайым немқұрайлылық болып табылады. Сондықтан да жалпы қарапайым талаптардың орындалуы туралы алдын ала ойластырып, өрт сияқты апаттың алдын алуға болатынын тағы да еске салу маңызды. Егер сіз елдегі жеке немесе қысқы үйде тұрсаңыз, жылыту маусымы басталмас бұрын пеш пен мұржасын тексеріп, оларды жөндеп, күйеден тазартып, жарықтарды жауып, мұржаны ағарту керек. Ал жылыту маусымы кезінде мұржаны тағы бір рет тазалау қажет. Пештен шығаратын күл мен қожды қауіпсіз жерге шығарып төгу керек.

Пештерінің үстінде кептіруге қалған үй заттары мен басқа да жанғыш материалдар да қайғылы жағдайға әкеледі. Үйдегі жиһаздың орналасуын қарастырған жөн: кереуеттер, перделер және басқа жанғыш заттар жанып жатқан пештің қабырғаларынан кемінде бір жарым метр қашықтықта болуы керек. Отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдына қоюға болмайды, бұл да отқа жақын жерде жануды тудыруы мүмкін.

Зақымдалған немесе қорғаныс қасиетін жоғалтқан оқшаулағышы бар сымдар мен кабельдерді, зақымдалған розеткаларды пайдалану қауіпті.

Электр шамдары мен шырақтарды қағазбен, матамен және басқа да жанғыш материалдармен орауға, электр қыздырғыш аспаптарын жанбайтын материалдардан жасалған тұғырықтарсыз пайдалануға, желіге қосылған тұрмыстық электр аспаптарын қараусыз қалдыруға болмайды.

Үйден шыққан кезде барлық электр жылыту құралдарын өшіру керек екенін есте ұстаған жөн. Пештерді жағу үшін бензин, керосин және басқа да жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбаңыз.

Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру немесе оларды қадағалауды жас балаларға тапсыру өте қауіпті!

Өртті сөндіргеннен гөрі алдын алу оңай екенін ұмытпаңыз! Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

А.САБИРОВ,

Астана қаласы Алматы ауданы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button