Жолдау

Ұсыныс-пікірлер айтылды

Елордада мәслихат депутаттары №1 арнайы мектеп-интернатының мұғалімдерімен кездесіп, «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбындағы Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады

Кездесуге Астана қаласы мәслихатының депутаттары Азамат Айтхожин, Ерлан Дәкенов, мектеп-интернаттың директоры Ұлан Қуаныш және мектеп ұжымы қатысты.

Жиналған қауым білім беру жүйесін, білім мен тәрбие берудің сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

– Бүгінгі кездесу барысында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Одан бөлек, мектеп-интернатта жұмыс істейтін әр қызметкер мәслихат депутаттарына өз сауалдарын қойды. Сондай-ақ кейбір мәселелер бойынша өз ұсыныстарын айтты. Мұндай кездесулер жиі болып тұрғанын қалаймыз, – деді мектеп-интернат директоры Ұлан Қуаныш.

Кездесуде бірқатар мә­селелер көтерілді. Оның ішінде жалақының тө­мендігі, кадрлардың тап­шылығы, жылы аялдамалар салу мен қоғамдық көлік мәселесі бар. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының депутаты Ерлан Дәкенов:

– Байқасаңыздар, жылы аялдамалар тек қаланың ішіне қойылған. Біз ұстаздардың жұмысқа, балалардың мектепке келіп, білім алуына жағдай жасауымыз қажет. Бұл мәселелерді республикалық деңгейде көтеретін боламыз, – деді.

Мектеп-интернатта қазіргі таңда 264 қызметкер жұмыс істейді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button