Елорда тынысы

Әріптестік байланыс орнатады

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюспен кездесті.

Тараптар екі жақты ынтымақтастық пен әріптестік байланыс мәселесін талқылады. Сондай-ақ кездесуде өзара мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен қарым-қатынасты дамыту жайын талқыланып серіктестік жобалар мен ортақ мүдделер туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, тараптар екі астана арасында бауырластық қатынастар туралы, екі елдің жетекші жоғары оқу орындарының мәдени саладағы ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қою туралы пікір алмасты. Атап айтқанда, елші ханым Астана қаласында Халықаралық джаз фестивалін өткізуді ұсынды.

«Елорда мәслихатымен ынтымақтас­тықтың маңыздылығын Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюс ерекше атап өтті. Дипломатпен бірге бас қаламыздың көшелерінің біріне Нельсон Мандела есімін, ал Преторияда Қожа Ахмет Ясауи есімін беру туралы ұсыныс талқыланды. Оңтүстік Африка Республикасымен өзара ынтымақтас­тықты күшейту – еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айқындап, елордамызда түрлі бағыттар бойынша әріптестік байланысты дамытуға ықыласты екенімізді жеткіздім» деді Е.Каналимов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button