Елорда тынысы

Өңірлерді дамыту – басты назарда

Сенатта палата спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Онда сенаторлар мен мәслихат депутаттары Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын міндеттерді талқылап, алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын айқындап алды.

Өз сөзінде Мәулен ­Әшім­­­баев­ Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеп берген міндеттерді жүйелі түрде іске асыру жолында күш біріктірудің маңызды екеніне назар аударды. Сондай-ақ Палата төрағасы алдағы бірлескен жұмыстың бірқатар басым бағыттарына тоқталып өтті. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, қазіргі таңда жаңа формациядағы заңдарды қабылдау ісіне мәслихат депутаттарын тартудың маңызы зор. Ал сенаторлар өңірлерді дамыту мәселелерін, атап айтқанда, жергілікті инфрақұрылымның ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты зерделеп, қордаланған проблемаларды жүйелі түрде шешуге ықпал етуге тиіс.

Сенат спикері мәслихаттардың жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды дамытудағы рөлі туралы айтты. Қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде қазірдің өзінде функциялардың бір бөлігі орталықтан өңірлерге берілгені белгілі. «Депутаттардың жергілікті жерлерде реформалардың іске асырылу барысына жоспарлы түрде мониторинг жүргізуін қолға алу маңызды. Қазіргі таңда басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне үлкен мән беріліп отыр. Осы бағытта жүргізілген әкімшілік реформалардың нәтижесінде Үкіметтің 500-ге жуық функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді. Ендігі кезеңде біршама құзыреттер жергілікті жерлерге беріледі. Алдағы айларда тиісті заңдарды қабылдауды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты мәслихаттардың рөлін одан әрі арттыру мәселесін қарастырған жөн. Әкімшілік өзгерістердің осындай жаңа кезеңі жергілікті өкілді органдардың құзыретін кеңейтуге де жол ашуы қажет» деді Палата төрағасы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button