Қала мен Сала

1,1 трлн теңге инвестиция тартылды

2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласына 1,1 трлн 100 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті.

[smartslider3 slider=1231]

Қала басшысы шетелден инвестиция тартуға пандемияның кері әсерін тигізгенін тілге тиек етті. «Өткен жылы негізгі капиталға 1 трлн 100 млрд теңге инвестиция тарттық. Биыл бұл деңгейді ұстап тұруымыз керек. Әрине, қазір мұны істеу қиын. Коронавирус пандемиясына 2 жыл болды. Байланыс бұрынғыдай емес. Мен шетелмен байланысты айтып тұрмын» деді елорда әкімі брифингте. Алайда қалыптасқан жағдайға қарамастан инвестиция тарту жұмысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Мысалы, «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы» сияқты мемлекеттік бағдарламалар бар. Олар да инвестиция тартуға көмектеседі» деді Алтай Көлгінов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button