Елорда тынысы

1 күнде – 107 бала

Елордада 1 маусым күні көпбейінді ауруханалардың ­акушерлік блоктарында 107 бала дүниеге келді. Оның 54-і – қыз бала, 53-і – ұл бала.

[smartslider3 slider=3159]

Дәрігерлердің айтуынша, сәбилер мен жаңа босанған аналар өздерін жақсы сезінеді. Қалыптасқан ізгі дәстүр бойынша жыл сайын 1 мау­сым күні дүние есігін ашқан нәрестелерге арналған іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл күні босанған әйелдерге Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан алғыс хаттар, нәрестелеріне арналған сыйлықтар тапсырылды.

«Маған екі баланың анасы болуы бақыты бұйырды. Жаңа туған қызымызға Кәусар деп ат қойдық. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қарым-қатынасы мен кәсібилігінің арқасында жеңіл босандым. Оларға деген алғысым шексіз» дейді қала тұрғыны Зағира Сейітақынқызы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button