Денсаулық

1 млн науқасты дәрі-дәрмекпен қамтиды

Денсаулық сақтау министрлігі ауруын амбулаториялық негізде емдейтін науқастарға бес препаратты COVID-19 диагнозы мен емі туралы хаттамаға енгізуді мақұлдады. Бұл туралы «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

– «Қауіпсіздік жастықшасын» құру жұмыстары жүргізілуде. Айы­на 100 мың науқасты емдеуге 24 миллиард теңге мөлшерінде екі айлық қажеттілік қорын тұрақтандыру үшін ең қажетті 50 дәрі-дәрмек жеделдетілген режимде сатып алынады. Бұл екінші толқын үшін «қауіпсіздік жастығын» қамтамасыз етеді, – деді «СК-Фармация« ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев.
Сонымен қатар, ол COVID-19-бен жеңіл және орташа деңгейде ауырып жатқан науқастарды емдеу үшін енгізілген бес жаңа препарат туралы айтты.
– Бұлар – қабынуға қарсы парацетамол және ибупрофен, ривароксабан, апиксабан және дабигатран. Қазір сатып алу процедуралары аяқталуда, 10 тамыз­ға дейін біз жеткізуді бастаймыз. Олар 8,6 миллиард теңгеге сатып алынды. Бұл көлем 1 миллион нау­қасты қамтамасыз етуге жетеді, – деді ол.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button