Жаңалықтар

1 млн теңге кімдерге беріледі?

Кеше қалалық қоғамдық кеңес отырысында қала әкімдігіне қарасты ведомстволық ұйымдар мен мемлекеттік кәсіп­орындарында жұмыс іс­тейтін азаматтарға бір миллион теңге мөлшерінде тұрғын үй сертификаттарын беру мәселесі қаралды.

Бұл туралы баяндама жасаған Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Саипов осы күндері аталмыш сертификаттар мұғалімдерге, дәрігерлерге, әлеуметтік қызметкерлерге, мәдениет және спорт қызметкерлеріне, полицейлерге, мүгедек балалары бар отбасыларға, көпбалалы аналар мен толық емес отбасыларға берілетінін жеткізді. Осы мақсатқа бөлінген 1,5 млрд теңгеге 1,5 мың сертификат беру жоспарланып отыр. Соның ішінде 500 сертификат бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне тиесілі. Қазіргі күні 242 сертификат әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға берілді.

Отырыста қоғамдық кеңес мүшесі Әсима Бимендина бұл санатқа қосымша білім және кәсіптік-техникалық, мектеп­алды даярлық педагогтарын ұмытпауды ескерді. Сондай-ақ, бұл санатқа ғылыми қызметкерлерді қосу да ұсынылды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button