Жаңалықтар

1 мың адам бостандыққа шығады

Мәжіліс депутаттары Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдады. Заң бойынша онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар жазадан босатылады.

[smartslider3 slider=698]

Ішкі істер министрі Ержан Тұрғымбаев заң аясында 2236 сотталушыға, 11310 пробация­лық бақылауда тұрған адамға рақымшылық жасалатынын мәлім етті. Рақымшылық нәтижесінде 1 мың адам бос­тандыққа шығады. 3818 адам пробациялық бақылаудан босатылады. 1294 сотталушыға, 7392 пробацияға тұрған адамға жаза мерзімі қысқартылады. Үшіншіден, сотқа дейін тергеу өндірісіндегі тергеу 5 мың іс қысқартылады. 1674 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 1471 адамға жаза мерзімін қысқарту немесе босату ережелері қолданылады. Аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық қарастырылмаған.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button