Білім

1-сыныпқа 26 мың оқушы барады

Елордада биыл 1-сыныпқа 26 мыңға жуық бала барады деп жоспарланып отыр.

3 сәуірден 1 тамызға дейін жалпы орта білім беретін мектептерде құжаттарды қабылдау басталады. Мамандандырылған мектептерден басқа барлық мектеп 1-сыныпқа баратын балаларды емтихансыз қабылдайды.

Әр мектепте ата-аналарға көмек көрсету мақсатында 1-сыныпқа қабылдау бойынша комиссия құрылды. Ата-аналар құжаттарды «электрондық үкімет» www.egov.kz, веб-порталы арқылы тапсырады және де қағаз түрінде де тапсыра алады.

Мамандандырылған мектептерден басқа барлық мектептер 1-сыныпқа баратын балаларды емтихансыз қабылдайды. Әр мектепте ата-анаға көмек көрсету мақсатында 1-сынып­қа қабылдау бойынша комиссия құрылды. Ата-ана құжаттарды www.egov.kz веб-порталы арқылы да, қағаз түрінде де тапсыра алады. Алғашқы үш өтініш мектептің аумағында тұратын балалардан қабылданады, біреуі – ата-ананың өтініші бойынша, яғни таңдау бойынша (3+1 қағидаты). Яғни бұл ретте 3+1 қағидатына аса көңіл бөлінеді. Қабылдау барысында өз аумағынан өтініш берген 3 баланы, содан кейін басқа аумақтан алдыңғы тіркелгендер қатарынан 1 үміткер қабылданады.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру электрондық үкімет веб-порталы және білім беру ұйым­дары арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылып жатыр (белгіленген жұмыс кестесі дүйсенбі – жұма, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін).

Мемлекеттік қызмет болғандықтан құжаттар тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде мерзімінен кешіктірмей – 1 жұмыс күнінде жауап беру керек.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

– ата-анадан өтініш;

– баланың туу туралы куәлігі;

– денсаулық жағдайы туралы анықтама №063/у және «Бала ­денсаулығы паспорты» (026/у-3);

– баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлы фотосуретi (2 дана).

Шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында азаматтығы жоқ адамдардың балаларын орналастыру үшін бос оқушы орындары бар білім беру ұйымын анықтап, олардан өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолдама беріледі. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау ережеге сәйкес 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында, ал конкурс 15-30 сәуір аралығында жүргізіледі.

Ерекше білімді қажет ететін балалар ата-анасының келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы негізінде қабылданады.

Қандай жағдайда бас тартады:

– құжаттар топтамасын толық ұсынбағанда;

– ұсынылған құжаттарының дұрыс еместігі анықталған жағдайда;

– сыныптар жиынтығы толып қалған кезде.

Егер негізсіз білім беру ұйымдарына қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Білім басқармасының 55-68-70, ­55-68-81, 55-68-87, 55-74-62 телефонына хабарласуға болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button