Елорда күні

10 мыңға жуық көрермен

Қала күніне арналған ауқымды Open air «Халықпен бірге» концерті өтті. «Астана Арена» стадионына іс-шараны тамашалауға 10 мыңға жуық көрермен жиналды. Олардың арасында тек жастар ғана емес, жасы үлкен қонақтар да болды. Open air концертінің көркін жастардың сүйікті­леріне арналған Ninety One, Akha, Amre, RaiM,  Abdr қыздыра түсті.

[smartslider3 slider=3437]

– Біз ауқымды іс-шара өткіздік. Концертке 20-ға жуық отандық эстрада жұлдызы, олардың ішінде Маржан Арапбаева, Зарина Омарова, ­Әлішер ­Кәрімов, Ержан Мақсұм қатысты. Сондай-ақ жастардың сүйіктілері де сахнада өз өнерін көрсетті, – деді Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жаңабай Мейірманқұлов.

Open air ұйымдастырушылары көрермендерге ыңғайлы болу үшін іс-шара күні арнайы автобус ұйымдастырды. Көлік келушілерді қаладан алаңға жеткізді. Жауған жаңбырға қарамастан, халық концертті соңына дейін тамашалады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button