Жаңалықтар

10 нысан ашылады

«AMANAT» партиясы елордалық филиалының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасы аясында биыл 10 денсаулық сақтау нысаны ашылады.

[smartslider3 slider=3298]

 

Бұл – «Green clinic» ЖШС (Хусейн бен Талал к-сі, 25/1); «Senim Clinic» ЖШС (Түркістан к-сі, 34); «№ 15 қалалық емхана» ШЖҚ МКК филиалы (Қошқарбаев к-сі және А-104); «№ 13 қалалық емхана» ШЖҚ МКК филиалы (Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 2/1 үй); «№ 11 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК филиалы (Ш.Құдайбердіұлы даңғылы, 28), «Медздоровье» ЖШС (А.Бөлекпаев және К.Әзірбаев көшелерінің қиылысы).

2021-2023 жылдар аралығында барлығы 300 мың тұрғынды қамтитын «Үйдегі дәрігер» жобасы аясында 30 отбасылық денсаулық орталығын, дәрігерлік амбулатория ашу жоспарланған. Келесі жылы медицина қызметкерлері үшін 100 орындық шағын отбасылық үлгідегі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button